Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Тергеу изоляторының қызметкерлері сәбилерге сыйлықтар апарды

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД қарасты  ЗК-169/1 мекемесінің қызметкерлері  «Сәбилер үйіне» барып, мекеме ұжымының атынан балаларға сыйлықтар табыстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

– Қазіргі таңда мұнда жетім, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған және ақыл-ой дамуының ерекшеліктері бар 1-4 жас аралығындағы 60 бала тәрбиеленуде. «Жерде бір бала қуанса, көкте мың періште шаттанады,» — дейді дана халқымыз.  Мереке сайын сәбилерді қуантып, түрлі сыйлықтар тарту етесіздер. Мекеме ұжымына алғыстан басқа айтарымыз жоқ, – деді мекеменің ішкі аудит дәрігері Марат Қилыбайұлы.

– Мейірімге мұқтаж жандардың ішінен сәбилердің таңдадық. Олар біздің болашағымыз,тәуелсіз еліміздің тірегі болар ұландар. Болашағымыз жарқын болсын десек, оларды мейірімге бөлеп, қамқорлық танытып тұруымыз керек. Балаларға ақыл-ойын дамытатын құрастырғыштар және алғаш қадам басқан бүлдіршіндерге жылдам жүруге арналған ойыншықтар тарту еттік. Әкелген сыйлықтарымыз бүлдіршіндерге қуаныш сыйласа, мақсатқа қол жеткізгендігіміз деп білеміз, – деді ЗК-169/1 мекемесі бастығының орынбасары Қ.Олжабаев.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру