Тергеу изоляторының жедел қызметкерлері қару-жарақ тапты
Аламатыдағы тергеу изоляторының жедел қызметкерлері қару-жарақ тапты, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Алматы қаласы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №72 мекемесі жедел қызметкерлерінің ақпараты бойынша, бір шолақ мылтық пен Streamer травматикалық тапанша және 32 патрон табылды.
Тергеу изоляторының жедел қызметкерлері қалың бұта арасына жасырған қаруды Алматы қаласы Полиция департаменті Экстремизмге қарсы күрес басқармасының жедел уәкілдерімен бірге анықтады.
«Қару» алдын алу іс-шарасын өткізу барысында Ұлжан шағын ауданының Жалайыр көшесінен табылған қару бойынша қазір тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде.