Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылода облысының білікті тергеушісі әріптестерін келе жатқан мерекемен құттықтады

Тергеуші мамандығы қашанда сауаттылық пен біліктілікті, төзімділік пен ыждаһаттылықты талап етеді. Бұл мамандықтың иелері қылмыскерлерді құрықтап қана қоймай, бұлтартпайтын айғақтар арқылы оның ақ пен қарасын айырып, Қылмыстық кодекстің баптарына сүйене отырып, тергеу амалдарын жүргізеді, оны сотқа жолдайды. Осы орайды Polisia.kz сайтының редакциясы Қызылорда қаласы ПБ тергеу бөлімінің тергеушісі Батырхан Жандуллаевты назарларыңызға ұсынады. 

Батырхан Жандуллаев 1994 жылы 11 сәуірде Қызылорда қаласында дүниеге келген. 2016 жылы Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде білім алған. Қызметтік жолын 2018 жылы Қызылорда қаласы полиция басқармасының жергілікті полиция қызметі бөлімінің учаскелік инспекторы қызметінен бастаған.

ҚР Президентінің халыққа Жолдауын жүзеге асыру шеңберінде “жұртқа жақын полиция” қағидатын негізге ала отырып, аймағының тыныштығын қамтамасыз етіп, құқық бұзушылықтың алдын алып, халықпен тығыз қарым-қатынаста болып, ал қазіргі таңда ҚР заңдарына сүйене отырып, қылмысты жасаған адамдарды анықтайды.

Батырхан Жандуллаев өзінің қызметіне адал, әрбір тіркелген қылмысты заң шеңберінде құқықтық баға беріп, халықтың алғысына бөленіп жүрген тергеуші. Өз кезегінде 2023 жылдың 3 ай қорытындысы бойынша жоғары жетістіктерге қол жеткізгені үшін Қызылорда облысы полиция департаментінің Грамотасымен марапатталған.

Атқарған қызметінің арқасында “Қазақстан полициясына 30 жыл” төсбелгісімен, “Ішкі істер органдарының үздігі” төсбелгісімен, департамент, басқарма бастықтарының Алғыс хатымен бірнеше рет марапатталған.

Батырхан қызметте білікті маман, отбасында сүйікті жар, балаларына аяулы әке. Жары Гүлнұр, жолдасына қолдау білдіріп, қиын салада оған демеу болып келеді. Олар ұл мен қыз өсіріп отырған аяула ата-ана.

– 23 маусым – Қазақстан полициясы күні қарсаңында өз әріптестерімді айтулы мерекемен құттықтаймын. Баршаңызға абыройлы қызмет және зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, ел тыныштығын тілеймін, – деп атап өтті полиция капитаны Батырхан Жандуллаев.

 

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру