Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Тергеушілер ортасында өскен баланың орындалған арманы

“Әке көрген оқ жонар” демекші, адамзат баласы ғасырлар бойы ата ісін ұрпақтан ұрпаққа аманат етіп, жалғастырып отырған. Жаңа ғасырда да азаматтарымыз осы дәстүрден айныған емес. Әке жолын қуып, полицей атанған ізбасар туралы Polisia.kz сайты әңгімелеп береді. 

Бүгінде Павлодар қаласы полиция басқармасы бастығының бірінші орынбасары қызметін атқарып отырған тәртіп сақшысы Арман Қаптаев та бұл салаға кездейсоқ тап болған жоқ. Арман Қаптаевтың әкесі Нұрмұқамат Қаптаев 1982-2007 жылдар аралығында ішкі істер органдарында қызмет еткен.

Нұрмұқамат Қаптаев 2007 жылы полиция полковнигі атағымен зейнетке шыққан. Өз қызметінің көп бөлігін тергеу бөлімшелерінде өткерген. Облыстық ІІД штабының бастығы, Ильичев ауданының ІІО бастығының орынбасары, Ертіс ауданы ІІО бастығының орынбасары, облыстық ІІД Тергеу басқармасы бастығының орынбасары лауазымдарын абыроймен атқарған.

Кішкентайынан көз алдында әкесінің үлгілі бейнесін көріп өскен балаға полицияда қызмет ету үлкен абыройлы мақсат болып қойылды. 

Арман Қаптаев ішкі істер органдарында 15 жылдан бері қызмет етеді. 2008 жылы Инновациялық Еуразия университетін бітірген. Қызметті Павлодар ІІБ полиция учаскелік инспекторы лауазымынан бастады. Содан кейін профилактикалық қызмет бөлімінің бастығы, учаскелік полиция инспекторлары бөлімінің бастығы болып жұмыс істеді. Сондай-ақ Павлодар облысы ІІД әкімшілік полиция және жергілікті полиция қызметі басқармасында бұқаралық іс-шараларды қамтамасыз ету тобының ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы және жол-патрульдік қызмет ұйымы бөлімшесінің бастығы қызметін атқарды. 2017 жылдан 2022 жылға дейін Павлодар ІІБ жергілікті полиция қызметінің бастығы болып жұмыс істеді.

– Еңбекқорлық, әділдік, өз ісіне патриоттық көзқарас, борышқа адалдық – осының бәрі әкемді сипаттайды және маған қызметте бағдар береді, – дейді тәртіп сақшысы.

Ол әкесінің әріптестері – тергеушілердің тату-тәтті ұжымын еске алады. Көбінесе бала кезінде әкесі оны өзімен бірге жұмысқа алып кететін. Кішкентай ізденімпаз Арман не болып жатқанын бақылап, болашақта погон киіп, қоғам мен мемлекеттің қауіпсіздігін қорғауды армандады.

Арман Қаптаевтың пікірінше, полиция қызметкерлері ең алдымен міндеттерін сапалы орындауы және азаматтарға деген адами көзқарасы болуы қажет. Әрбір мұқтаж адам полицейлердің қолдауы мен назарын сезіне алса дейді. Сондай-ақ кез-келген жағдайда адам болып қалу және мәселенің күрделілігіне қарамастан, әркімнің мәселелерін түсіну қажет. Полицейлер азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын, гуманизмді, әділеттілік пен ашықтықты құрметтеу принциптерін ұстануы керек. Қоғаммен өзара іс-қимыл және әріптестік жұмыстың заманауи әдістерін іске асыруда және реформаларды жүргізуде маңызды рөл атқарады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру