Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Террористік шабуыл кезінде адам өмірін сақтап қалған «Жас сақшы» сыныбының түлегі туралы қысқаметражды фильм көрерменге жол тартады

Жақында әлеуметтік желіде Алматы заң университеттерінің бірінде оқитын бірінші курс студентінің ерлігі туралы баяндайтын «Jas saqshy» қысқаметражды көркем фильмі шығады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Сюжет бойынша бас кейіпкер – «Жас сақшы» сыныбының түлегі. Ол оқу кезінде үйренген дағдыларын лаңкестер жоғары оқу орнын басып алған сәтте қолданады. Жігіт өзінің білімі мен біліктілігін қатарластарының өмірін сақтап қалуға және қарулы қылмыскерлерді ұстауға жұмсайды.

Сондай-ақ фильмде алматылық полицейлер мен арнайы жасақ сарбаздары бой көрсетеді.

Туындыны Ішкі істер министрлігі мен Алматы қалалық полиция департаменті «Білім Арна Медиа» және «One Shot» продакшн-студияларымен бірлесе отырып дайындады.

Бұл фильм – ІІМ-нің өскелең ұрпақтың құқықтық санасын арттыруға бағытталған ауқымды бастамасының бір бөлігі.

Ведомство басшысының тапсырмасымен биыл республиканың 110 мектебінде полиция сыныптары ашылды.

«Жас сақшы» жобасы балалар мен жасөспірімдерді заңға құрметпен қарауға және құқық қорғау органдарында қызмет етудің маңыздылығын түсінуге тәрбиелеуде маңызды рөл атқарады.

Мұнда мектеп оқушылары қоғамдық орындарда өзін-өзі ұстау ережелерін меңгереді, алғашқы медициналық көмек көрсетуді үйренеді және жол қозғалысының қыр-сырымен жақынырақ танысады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру