Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Террористік тұрғыдан осал 9 объектінің басшысына әкімшілік айыппұл салынды

2020 жылы Қызылорда облысында террористік тұрғыдан осал 9 объектінің басшысына әкімшілік айыппұл салынған, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қызылорда облысының Полиция департаменті террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуын бақылауды ұйымдастыру бойынша жұмыстарды ұдайы жүргізіп, олардың басшылары мен меншік иелеріне түсіндіру жұмыстарын да тұрақты негізде жүзеге асырады.

Қызылорда облысында 2020 жылы террористік тұрғыдан осал 9 объектінің жарақталуы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 3 сәуірдегі №191 қаулысының және  Қазақстан Республикасының «Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы» Заңының талаптарына сәйкес келмегені үшін олардың басшыларына жалпы сомасы 2 млн. 611 мың 320 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды.

«Қазақстан Республикасында тексерулерге және профилактикалық бақылау мен қадағалауды барып жүргізуге мораторий енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 26 желтоқсандағы №229 Жарлығының негізінде 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап 2023 жылғы 1 қаңтарға дейін шағын және микрокәсіпкерлік субектілеріне тексеру тоқтатылды.

Террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуының бұзылуына жол бермеу мақсатында күзет ұйымдарының басшылары, меншік иелері және өкілдері мынадай құжаттарды зерделеу бойынша персоналмен сабақтар өткізуді қамтамасыз ету қажет:

1. Қазақстан Республикасының «Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы»  Заңы;

2. «Террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалу жүйесіне қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 3 сәуірдегі № 191 қаулысы;

3. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 13 мамырдағы №325-VI Заңы;

4. Террористік акт туындаған кездегі террористік тұрғыдан осал объектілердің басшылары мен персоналдарының іс-әрекеті бойынша жадынама.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру