Терроризм және экстремизм баптарымен сотталғандармен түсіндірме жұмыстары жүргізілді
Маңғыстау облысында терроризм және экстремизм баптарымен сотталғандармен түсіндірме жұмыстары жүргізілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Маңғыстау облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты ГМ-172/10 түзету мекемесінде қасиетті Рамазан айына байланысты мекеменің экстремизм және терроризм баптарымен және шаруашылық қызметтіне қалдырылған сотталғандармен түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Жазасын өтеушілермен кездесуге Ал-Хаким мешітінің бас имамы Айғабыл Шаденов қажы келді, сондай-ақ мекеменің ТОЖҰБ инспекторлары қатысты.
Қажы Рамазан айында оразаны қалай ұстау керектігі және оның мақсаты туралы айтып өтті. Қасиетті айдың басталуын, уақыттарын, ораза тұтудың негізгі ниетін және садақа берудің қаншалықты маңыздылығы мен сауабын айтып түсіндірді.
Сонымен қатар, мекеменің теологиялық оңалту жұмысының ұйымдастыру тобының инспекторлары сотталғандарға ораза тұту кезінде ішкі күн тәртіп ережелерін сақтау туралы ескеріп өтті.
Сотталғандар осы тұрғыда дін өкіліне сұрақтарын қойып, тиісті жауаптарын алды. Мекеме басшылығы Айғабыл қажыға ризашылық білдірді.