Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Тіл жанашыры — халықтың алғысына бөленген полицей

Халықтың алғысына бөленген тәртіп сақшысы өз оқиғасымен бөлісті, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Елордада Сарыарқа аудандық полиция басқармасының учаскелік полиция инспекторы Насиф Теймуров күнделікті қызметінде адалдығымен, адамгершілігімен және кәсібилігімен халықтың алғысына бөленіп жүрген тәртіп сақшысы.

Әзірбайжан ұлтының өкілі болса да, ол қазақ тілін еркін меңгерген. Мемлекеттік тілді жетік білуінің арқасында тұрғындармен еш кедергісіз тілдесіп, олардың мәселелерін түсініп, жедел көмек көрсетіп келеді. 

— Қазақ тілі – біздің ортақ құндылығымыз, бірлігіміздің кепілі. Тілді білу – мемлекеттік қызметкер үшін ғана емес, әрбір қазақстандық үшін абырой мен парыз деп санаймын. Халықпен бір тілде сөйлесу – сенімге жол ашады, – дейді полиция инспекторы.

Тілдер күні қарсаңында өзге ұлт өкілдерінің мемлекеттік тілді меңгеруі – Қазақстан халқының бірлігі мен татулығының айқын дәлелі. Елімізде 100-ден астам этнос өкілі тату-тәтті өмір сүріп, ортақ Отанына қызмет етуде. Соның ішінде елордалық полицейдің өнегелі ісі көпке үлгі. 

Қызметтегі абыройымен қатар, полицей спортпен де тұрақты түрде айналысады. Ол салауатты өмір салтын ұстанады.

— Дене шынықтыру – тәртіп пен төзімділіктің негізі. Бұл қасиеттер полиция қызметінде де аса маңызды, – дейді ол.

Қоғамдық тәртіп пен халықтың тыныштығын қорғап қана қоймай, рухани құндылықтарды дәріптеп жүрген Насиф Игбалович – полицей мамандығының абыройын асқақтатып жүрген нағыз үлгілі азамат.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру