Тілге деген құрметті төмендетпейік!
Тәуелсіздік алған жылдардан бергі аралықта егемендікпен қатар келген құндылығымыз тіл бостандығы. Жалпы қазақтың сөз қорларының ішінде кірме сөз және ерме сөз болып екіге бөлінеді. Ерме сөздер орысшадан және де өзгеде тілдерден аударма түрінде келген. Ал, халықтың қабылдаған сөздері ол кірме сөздер. Егемендікпен егіз ұғымдай болған қазақ полициясының құрылуы. Бұл сөз басқа тілдерде түрленіп айтылғанымен шын мәнінде қазақ полициясы деген сөздің өзі тәуелсіздік алған жылдардан кейінгі өз алдына құрылған дербес құрылымды, дербес күшті білдіретіні айқын. Қазақ тілінің байлығы соншалықты бұл сөзді түрліше құбылтып, балама түрінде айтып жататындығы жасырын емес. Мысалы, құзырлы органдар, күштік құрылымдар, қарулы күштер деген сынды. Дегенмен, қазақ полициясы деген сөзге тоқталу, біздің бағытымызды бекіте түскендей. Нақты аударма түрінде және өзінің кірме сөз сөздердің бірі деп айтуға болады. Осыған дейін қалыптасқан сөздердің барлығы да келмеске кеткен одақтың ордасымен бірге жойыла бастағаны қуантады. Осы уақытқа дейін орыс тілінде беріліп келген бұйрықтар, бүгінде қазақ тілінде айтылатындығы, қандай құжат болмасын қазақ тілінде толтырылып жатқандығы елім, жерім, тілім деп соққан жүректерді одан әрмен патриоттыққа жетелеп жүр десек артық айтқандығымыз емес. Бұл қазақ полициясының тағы бір жеткен жетістігі деп білеміз. Басқасын былай қойып, полиция сөзін талдайтын болсақ, бір ауыз сөздің өзі бүткіл құрылымды соның ішіне сыйдырған. Одан қала берді халықтың сеніміне селкеу түсірмей, аманатқа қиянат жасамай жұртпен бірге жасап келе жатыр. Бұл сөз ерме емес, кірме сөз болып өз алдына дербес ұғымды қалыптастыра білді. Қазақ полициясы қоғам тыныштығын сақтап қана қоймай, қазақ тілінің тазалығына, теңдігінеде өз үлестерін қосудан танған емес. Осы орайда тілдер мерекесі қарсаңында қазақ полициясында қызмет ететін өзге ұлт өкілдері тіл байқауына қатысуда. Бұрындары, әр бөлім немесе басқарма болып бақтарын сынап келсе, қазіргі таңда әр азамат қазақ тілінде сынға түсуден тайсалмақ емес. Дәстүрге айналған тіл байқауы тәртіп сақшылары арасында жоғары деңгейге жетті деп айтуға әбден болатындай. Өйткені, бұған дәлел сіз бен біз. Бүгінде бұл мерекеге біз отбасымызбен атсалысуға бел байлап отырмыз. Менің араласатын достарым, оның ішінде әріптестерім де тіл мерекесінен қалыс қалмайтындарына көзім жетеді. Жыл өткен сайын қазақ тілін меңгеруге деген құлшыныстың артқандығы көңілге қуаныш ұялататыны сөзсіз. Мемлекеттік тілге құрметпен қарап, ана тілімізді ардақтайтын болсақ бізден асқан бақытты ел болмас деп ойлаймын. Тіл бар жерде ұлт бар, тіл бар жерде тәртіп бар, тіл бар жерде тазалық бар, тіл бар жерде мейірім мен намыс болатынына мен сенімдімін. Мемлекеттік тілді, қазақ тілін, ана тілімізді құрметтейік. Қазақ полициясының тамырының тереңге бойлап, беки түсуіне қазақ тілінің маңызы өте зор. Сондықтан да тілге деген құрметті ешқашан төмендетпейік!