Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ТМД бойынша үздік деп танылған жас жол инспекторлары білімдерін жетілдіруді жалғастырып жатыр

ТМД бойынша үздік деп танылған Алматы облысының жас жол инспекторлары жол қозғалысы ережелері бойынша біліктіліктері мен білімдерін жетілдіруді жалғастырып жатыр, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Өңірде учаскелік полиция қызметкерлерімен бірлесе отырып, жол-көлік оқиғалары мен балалардың жарақаттануының алдын алу мақсатында профилактикалық іс-шаралар жүргізіліп жатыр.

– Жол-көлік оқиғаларының алдын алу жұмыстары түрлі әдістермен жүргізіледі. Полицейлердің ең белсенді көмекшілерінің бірі – жас жол инспекторлары. Жол қозғалысына қатысты профилактикалық іс-шаралар кішкентай көмекшілерсіз өтпейді, өйткені олардың өздері балалар қауіпсіздігі туралы құрдастарына жеткізгендері дұрыс. Үш күн ішінде біз барлық мектепке дейінгі мекемеде жұмыс жүргіздік, – деп атап өтті ЖПҚБ ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Айжан Әлібайқызы.

Естеріңізге сала кетейік, Алматы облысының жас жол инспекторларының командасы 21-25 мамыр аралығында Беларусь Республикасында өткен 51-республикалық жарыста ТМД елдері арасында үздік деп танылды.

– Кезінде жол әліпбиінің қыр-сырын меңгерген ұлдар мен қыздар бүгінде 7-сынып оқушылары.  Олар – қозғалыс ережелері мен алғашқы медициналық көмек көрсету ережелерін ғана емес, сонымен қатар жол қозғалысының сауатты және тәртіпті қатысушылары. Олар – жолда қауіпсіз жүріс-тұрыс дағдыларын қалыптастыруда баға жетпес көмек көрсететін сенімді жолдастарымыз, – деп толықтырды А. Әлібайқызы.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру