Төлеби ауданында көші-қон заңнамасын бұзған 10 азамат анықталды
Төлеби ауданының тәртіп сақшылары екі тәулікте көші-қон заңнамасын бұзған 10 азамат анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бастамасымен 2021 жылдың 1-5 ақпан күндері аралығында республика көлемінде «Мигрант» профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Аталмыш шара барысында Түркістан облысының полицейлері де қарқынды қызмет атқаруда. Мәселен, Төлеби АПБ-ның қызметкерлерімен жедел-профилактикалық іс-шараның екі тәулігінде бірқатар заң бұзушылықтар анықталды.
Аудан аумағында заңсыз көші-қонның арналары мен ұйымдастырушыларын анықтау бойынша жедел топтар құрылды.
Заңсыз көші-қонның алдын алу, шетелдіктер арасында құқық тәртібін сақтау және республиканың көші-қон заңнамасынан туындайтын басқа да міндеттерді жүзеге асыру мақсатында жұмыстар атқарды.
Осы бағытта жүргізілген рейд барысында, полицейлер Өзбекстан Республикасының алты азаматын және оларды қабылдаушы тарап ретінде ҚР-ның төрт азаматын анықтады. Осыған орай құқық бұзушы шетел азаматтарына қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 517-бабы (Шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының халықтың көші-қон саласындағы заңнамасын бұзуы) бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.
Ал, оларды қабылдаған қазақстандық төрт азаматқа қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 518-бабы (Шетелдіктерді және азаматтығы жоқ адамдарды қабылдайтын жеке немесе заңды тұлғалардың, Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы) бойынша әкімшілік шара көрілген. Өзге елден келген бір азамат ел аумағынан аластатылды.