Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Төлебиде кезекті той тоқтатылды

Түркістан облысының полицейлері карантин кезінде үйлену той жасаған тұрғынды анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түркістан облысының полицейлерімен карантин режиміне байланысты күндізгі және түнгі рейдтік жұмыстары жүргізілуде. Оның аясында адам көп жиналатын басқосулар, той-жиындар мен іс-шаралар анықталып, қауіпсіздік шаралары қадағалануда.

Осындай кезекті рейд кезінде Төлеби АПБ-нің қызметкерлері мобильдік топпен бірге Ленгер қаласы тойханаларының бірінде үйлену тойын жасап, 120-дан астам туыстарын жинаған тұрғынды анықтады. Үйлену той жасаған тұрғынмен полиция қызметкерлері түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, карантин кезінде мұндай шараларға жол берілмеуі керектігі туралы ескертті. Той иесіне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабы (Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтерді бұзу) бойынша құжаттар жинақталып, СЭББ-ға жолданды. Осы тұста айта кетер жайт, Төлеби ауданы аумағында мобильдік топтар ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабын бұзудың бес жайтын анықтады.

Түркістан облысы Полиция департаменті карантин режимін қатаң сақтауға шақырады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру