Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Төлебилік тәртіп сақшылары жалғызбасты ананың отбасын мерекемен құттықтап қайтты

Төлебилік тәртіп сақшылары жалғызбасты ананы Жаңа жылымен құттықтай отырып, қайырымдылық жасады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жаңа жыл мерекесі қарсаңында Ордабасы ауданы Леңгір қаласының тұрғыны Светлана Оразалыға Төлеби АПБ-нің жеке құрамы атынан әлеуметтік көмек көрсетілді. Көпбалалы ана жалдамалы үйде тұрады. Оның бес баланы тәрбиелеп отырған жалғыз басты ана екенін ескере отырып, полицейлер күнделікті тұрмысқа қажетті азық-түлік пен балаларына сыйлықтар табыстады.

Өз кезегінде отбасы мүшелері тәртіп сақшыларына ризашылықтарын білдірді. Жұмыстарына табыс тіледі. Оған қоса жеті жасар үйдің кішкентай бүлдіршіні полицейлерге өз қолымен салған Жаңа жылдық суретін тарту етті.

Осылайша Жаңа жыл қарсаңында тәртіп сақшылары жас бүлдіршіндердің қуанышына бөленіп, ақ жаулықты анадан алғыс алды. Қайырымдылық – полиция қызметінің ажырамас бір бөлігіне айналды десекте болады. Және тәртіп сақшылары алдағы уақытта да осы дәстүрді үрдіске айналдырмақ.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру