Төлебилік тұрғындар 13 дана аңшы қаруын өткізді
Төлебилік тұрғындар 13 дана аңшы қаруын өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
2021 жылдың 20 сәуірінен бастап елімізде заңсыз сақталған атыс қаруларын, оқ дәрілерді және жарылғыш заттарды азаматтардан сатып алу акциясы өтуде.
Басты мақсаты – азаматтарда заңсыз сақталған қару-жарақтар мен оқ-дәрілерді өтемді түрде қабылдау. Қазіргі таңда барлық қалалық және аудандық ішкі істер бөлімдерінде азаматтар тапсырған атыс қаруының, жарылғыш заттардың, оқ-дәрінің техникалық жай-күйін анықтау мен оларды тапсырғаны үшін сыйақы белгілеу жөніндегі комиссия құрылды. Сонымен қатар полицейлер өз еркімен тапсырған азаматтар қылмыстық және әкімшілік жауапкершіліктен босатылатындығы жөнінде түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Нәтижесінде Төлеби АПБ қызметкерлері тұрғындардан 13 дана аңшы мылтығын қабылдады. Аталған қарулар бұған дейін есепке алынбаған.
Алдағы уақытта ерікті түрде тапсырылған әрбір қару-жарақ заттары үшін мемлекет тарапынан оның техникалық жай-күйіне байланысты ақшалай сыйақы төленеді. Төлеби АПБ қызметкерлері тұрғындарды аталмыш акцияға белсенді қатысуға шақырады.