Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

800 мың теңгеден астам айыппұлы бар атыраулықтың көлігі айып тұрағына қойылды

Төленбеген 800 мың теңгеден астам айыппұлы бар атыраулықтың көлігі айып тұрағына қойылды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

25 ақпан күні сағат 17:30 шамасында Атырау қаласында патрульдік полиция батальонының қызметкерлері М. Баймұханов көшесіндегі Вокзал маңы тұсында Ресей Федерациясында тіркелген Mitsubishi автокөлігін тоқтатты. Тексеру барысында көлік жүргізушісінің жалпы сомасы 802 460 теңгені құрайтын 23 айыппұлы бар екені анықталды. Айыппұлдардың көп бөлігі жылдамдықты асырғаны, көлік құралын тіркеусіз пайдаланғаны және басқа да жол ережелерін бұзуынан орын алған. Осы ретте жүргізушіге қатысты іс-құжаттар жинақталып, автокөлік айып тұрағына қойылды.

Бұл бағыттағы жұмыстар патрульдік полиция қызметкерлерімен жалғасын табады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру