Tomiris — UAE SWAT Challenge турнирінде үздіктер қатарында
Биыл Дубайда өткен халықаралық UAE SWAT Challenge жарысында Tomiris әйелдер құрамасы жоғары деңгейде өнер көрсетіп, кәсіби шеберліктің озық үлгісін көрсетті, — деп хабарлайды Polisia.kz.
Команда физикалық, тактикалық әрі психологиялық даярлықтың мықтылығын дәлелдеп, әйелдер құрамалары арасында бірінші орынды жеңіп алды.
Ал жалпы командалық есепте 18-орынға тұрақтап, бірқатар ерлер командалар озық нәтиже көрсетті. Бұл — олардың тыңғылықты дайындығы мен темірдей тәртібінің, үйлесімді іс-қимылының нақты айғағы.
Tomiris құрамасының табысы — жүйелі әрі мақсатты жұмыстың жемісі. Бұл жеңіс - гендерлік ерекшелікке қарамастан, жеке құрамның кәсіби біліктілігі мен жоғары жауынгерлік дайындығының айқын дәлелі.
Команданың бұл жолғы жеңісі - тек спорттық табыс емес. Бұл - ішкі істер органдары жүйесіндегі әйелдер бөліністерінің қарқынды дамуы мен олардың әлеуетінің артып келе жатқанының айқын көрінісі.
