Торғайда «іскер әйел» тұрғындарға тез баю тәсілін ұсынған
Торғайда «іскер әйел» тұрғындарға тез баю тәсілін ұсынған, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Жангелдин полиция бөліміне еліміздің басқа өңірлерінің тұрғындарынан Торғай ауылының 31 жастағы тұрғынын іздестіру және шара қолдануға қатысты бірнеше өтініш келіп түсті. Әйел WhatsApp арқылы өзін желілік бизнестің негізін қалаушы ретінде таныстырып, тез байып кету жолдарын ұсынған.
Шу және Ақтөбе тұрғындары жалған кәсіпкердің айла-амалдарына сеніп, оның банктегі шотына ақша аударып, құр алақан қалды.
Мәселен, Ақтөбенің 24 жастағы тұрғыны есепшотқа алдымен 491 мың теңге, содан кейін 780 мың теңге ақша аударған. Ал Шу қаласының 34 жастағы тұрғыны оған 560 мың теңге аударды.
Полицейлер алаяқты ұстады, ол кінәсін мойындады. Одан ешқайда кетпеу туралы қолхат алынды.
Қазіргі таңда 190-бабы «Алаяқтық» бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.