Төрт жыл сақтаған: ақмолалық полицей жоғалған алқаны Ресей азаматына қайтарды
Ресей Федерациясының 49 жастағы тұрғыны Ішкі істер министрі М. Ахметжановтың атына алғыс сөз жолдады. Валерий Валерьевич өз хатында 2018 жылғы маусымда Қазақстан Республикасында тұратын өзінің туғандарына қонаққа келгенін айтты.
– Қазақстаннан шыққан кезде менде жайсыз жағдай болды. Ақмола облысының Ақкөл қаласына пойыздан түсуге тура келді, онда мен екі күн болдым, содан кейін Түмен облысына жолымды жалғастырдым. Шекарада мен байқаусызда күміс пен алтыннан жасалған зергерлік бұйымымның, яғни алқамның жоғалғанын білдім, – дейді хат иесі.
Ол Қазақстан Республикасынан шығып үлгермеген және сол кезде Ақкөл аудандық полиция бөлімінің көші-қон қызметі тобының инспекторы болып жұмыс істеген Евгений Макагон уақытша тіркеуді ұзартқаны анықталды. Ол ер адамды шекараға аман-есен жеткенін білу үшін қоңырау шалған кезде оның өзі үшін ерекше құнды заттарды жоғалтып алғанын білді.
Тәртіп сақшысы жоғалған заттарды іздеуге кірісті, іздеу табысты аяқталды. Бірақ жоғалған алқаның иесі телефонынан айырылып, онымен байланыс үзіліп қалған. Төрт жыл бойы Евгений Макагон алқаны сақтап келген. Иесін тауып қалармын деген үмітін үзбеген.
Әлеуметтік желілерден ол Валерийдің жаңа нөмірін тауып, осы жылдың наурыз айында оған жоғалған затын пошта арқылы жіберді.
– Менің алғысым шексіз. Мен әлемде материалдық баюды емес, Қазақстан Республикасында адами қатынасы мен қадір-қасиетіне басымдық беретін риясыз адамдар бар екеніне көзім жетті, – деп Валерий Валерьевич өз хатын қорытындылады.