Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Төтенше жағдай кезінде той болды

Төтенше жағдай кезінде той ұйымдастырған екі азаматшаға қатысты хаттамалар толтырылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Мемлекет басшысының қаулысымен ағымдағы жылдың 16 наурыз бен 15 сәуір аралығында республикамызда төтенше жағдай жарияланды. Осыған сәйкес Түркістан облысы Полиция департаментінің полицейлері күшейтілген режимде қызмет атқарып жатыр. Яғни күндізгі және түнгі рейдтік жұмыстарды жүргізіп, төтенше жағдай кезінде іске асырылатын талаптардың сақталуын қадағалауға алды.

Осындай кезекті рейд барысында Түркістан облысына қарасты ауылдардың біріндегі тойханада жиын өткізілгендігі анықталды.
Аталған жайтқа байланысты полицейлер тойхана иесі мен той иесіне ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 476-бабы «Төтенше жағдай режимiн бұзу» бойынша хаттамалар толтырылды. Шара көрілу үшін құжаттар қалалық мамандандырылған әкімшілік сотына жолданды.

Облыс полицейлері ескертеді: төтенше жағдай кезінде заң талаптарына сәйкес әрекет етіп, мүмкіндігінше сақтық шараларын ескерген жөн.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру