Төтенше жағдай режимін бұзушылар азаймай тұр
Ақтөбе облысында төтенше жағдайлар кезінде 548 тәртіп бұзушылық анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
17 сәуірде Ақтөбе облысында тәртіп сақшылары ТЖ режимін бұзудың 548 фактісінің жолын кесті, оның ішінде ҚР ӘҚБтК 476 бабы бойынша (ТЖ режимін бұзу) – 522 бұзушылық, оның ішінде 115 адам қамауға алынды, 176 айыппұл салынды, 203 ескерту жасалды, 19 материал сотқа жіберілді.
ҚР ӘҚБтК 478-бабы бойынша (ТЖ жағдайында құқық тәртібін бұзуға итермелейтін іс-әрекеттер) 26 бұзушылық анықталды, оның ішінде 14 айыппұл салынды, 12 қамауға алынды.
Сондай- ақ, азық-түлік дүкенінің 32 жастағы жалға алушысына полиция қызметкерлері ҚР ӘҚБтК-нің 476-бабы 6-тармағы бойынша әкімшілік хаттама толтырды. Ол дүкеннің жұмысын сағат 22: 00-ден кейін жалғастырған . Әкімшілік сотпен жалға алушыға 10 АЕК (27.780 теңге) әкімшілік айыппұл салды.
Тағы бір жағдайда, Сәңкібай батыр даңғылы бойында орналасқан авто көлік-жуу бекетінің әкімшісі сағат 22: 00-ден кейін авто көлік-жуу бекетінің жұмысын жалғастырған. Әкімшілік сот жалға алушыға 10 АЕК (27.780 теңге) әкімшілік айыппұл салды.
Азаматтардың блок-бекеттерді айналып өту фактілері бойынша 29 бұзушылықтар анықталды.
Полиция департаменті қала тұрғындарын қабылдап жатқан шараларға түсіністікпен қарауды сұрайды. Осы іс-шаралардың барлығы инфекцияны таратпаудың алдын алу мақсатында өткізіледі . Қауіпсіздік шараларын сақтауды, жеке қорғану құралдарын (маскалар мен медициналық қолғаптар) киіп жүруді, аса қажетсіз далаға шықпауды сұраймыз. Өзіңізді және жақындарыңызды қорғаңыз.