Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Трассада ірі көлемдегі синтетикалық есірткімен есірткі курьері ұсталды

ІІМ "Заң және Тәртіп" қағидатын жүзеге асыруды жалғастыруда. "Қарасора - 2025" республикалық жедел-алдын алу іс-шарасы аясында есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөліністерінің қызметкерлері есірткі құралдарының заңсыз айналымын анықтау және жолын кесу бойынша белсенді жұмыс жүргізуде, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Астрахан тас жолында сауда компанияларының бірінде жұмыс істейтін 27 жастағы елорда тұрғыны басқарған автокөлік тоқтатылды. Көлікті тексеру кезінде артқы орындықтан салмағы 1,5 кг синтетикалық а-PVP есірткісі салынған пакет табылып, тәркіленді.

Алдын ала мәлімет бойынша күдікті куратордың нұсқауымен әрекет етіп, есірткіні тасымалдау және жасыру әдісімен таратқан. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

- "Қарасора - 2025" жедел-профилактикалық іс-шарасы жалғасуда. Ішкі істер органдары есірткі заттарының жеткізілу және таратылу арналарының, соның ішінде интернет-платформалар мен курьерлік жүйелер арқылы өтуін тоқтатуға бағдарланған.

Ішкі істер министрлігі ескертеді: есірткі заттарының заңсыз айналымы – заң алдында қатаң жауапкершілікке әкелетін ауыр қылмыс, - деді ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті төрағасының орынбасары Қуандық Әлжанов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру