Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Цифрлық қауіпсіздік – басты назарда: Жетісу облысында ақпараттық іс-шара өтті

Жетісу облысында цифрлық қауіпсіздік бойынша ақпараттық іс-шара өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жетісу облысы полиция департаментінің киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері халық арасында жүйелі профилактикалық жұмыстарды жалғастыруда. Кезекті іс-шара Талдықорған қалалық полиция басқармасының профилактика кабинетінде өткізіліп, азаматтардың цифрлық сауаттылығын арттыруға және интернет-алаяқтықтың алдын алуға бағытталды.

Кездесу барысында полиция қызметкерлері бүгінгі таңда ең жиі кездесетін алаяқтық схемалар туралы жан-жақты ақпарат берді. Атап айтқанда, өзін банк немесе құқық қорғау органдарының қызметкері ретінде таныстыратын жалған қоңыраулар, фишингтік сілтемелер, қолдан жасалған интернет-дүкендер, сондай-ақ мессенджерлер мен әлеуметтік желілер арқылы жасалатын алаяқтық тәсілдер түсіндірілді. Қызметтік тәжірибеден алынған нақты мысалдар арқылы киберқылмыскерлердің қалай әрекет ететіні және қандай психологиялық әдістерді қолданатыны айтылды.

Цифрлық кеңістіктегі жеке қауіпсіздік мәселелеріне ерекше назар аударылды: қауіпті қалай анықтау керек, дүрбелеңге берілмеу, жеке деректерді қорғау және жақындарды, әсіресе қарт адамдар мен жасөспірімдерді алаяқтардан қалай сақтау керектігі түсіндірілді.

Мұндай профилактикалық іс-шаралар тұрақты түрде өткізіліп, полиция қызметінің басым бағыттарының бірі болып қала береді. Себебі тек бірлескен күш-жігер мен хабардарлық деңгейін арттыру арқылы ғана киберқауіптерге тиімді қарсы тұрып, цифрлық ортадағы қауіпсіздікті қамтамасыз етуге болады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру