Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түлкібаста 9 жылдан бері төлқұжатсыз жүрген тұрғын құжаттанды

Түркістан облысының полицейлері тоғыз жылдан бері төлқұжатсыз жүргенді құжаттандырды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түлкібас ауданының полиция бөлімінің көші қон қызметі тобының аға инспекторы Нұрман Шынғысбаев аудан ішіндегі 16-18 жас аралығында отбасылық жағдайымен ҚР-ның жеке куәлігімен құжаттанбаған құжатсыз жүрген азаматтарды құжаттандыру мақсатында акция өткізген болатын. Акция өткізу барысында көші-қондық тәртіп сақшылар ауылдар мен көшелерді аралап, құжатсыз қалып қойған азаматтардың бар-жоқтығын тексеріп шықты.

Нәтижесінде Түлкібас ауданына қарасты Ақбиік ауылының тұрғыны 1996 жылғы туған Аяжан Қуанбектің төлқұжатсыз жүргені анықталды. Содан көші-қон полицейлері бірден тіркеуге алып, шұғыл түрде Аяжанның құжаттарын рәсімдейді. Нәтижесінде аз ғана уакыттың ішінде тәртіп сақшылары қыздың жеке басын анықтайтын төлқұжатын жасап берді. Қызының жаңа төлқұжат алғанына әжесі қуанып, көші-қон полицейлеріне ыстық ықыласын білдірді.

Өз сөзінде Аяжанның әжесі:

– Қызым бір жағдайларға байланысты уақытында төлқұжат ала алмады. Қазіргі жағдайда қызымның жаңа төлқұжат алғанына қуанып отырмын! Көші-қон полицейлеріне үлкен алғысымды айтқым келеді, – деді.

Құрметті облысымыздың тұрғындары! Полиция департаментінің осы бағыттағы жұмыстары өз жалғасын әрі қарай таба бермек. Өздеріңіздің құқықтық мәртебелеріңізді айқындау бойынша сұрақ туындаған жағдайда, сіздер, тұрғылықты мекен жайыңыз бойынша көші-қон қызметіне жүгінуіңізге болады!

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру