Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түлкібаста ер адам тұрғынның көлігін заңсыз айдап кетті

Түлкібас ауданында көлігін соққаны үшін, кінәлінің көлігін ер адам заңсыз айдап кеткен, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түлкібас аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданады. Ер адамның айтуынша, оның «Ауди А4» маркалы автокөлігін өзіне таныс емес азамат заңсыз айдап кеткен. Аталған жайтты полицейлер ҚР ҚК-нің 200-бабы (Автомобильдi немесе өзге де көлiк құралын жымқыру мақсатынсыз құқыққа сыйымсыз иеленіп алу) бойынша СДТБТ-ға тіркеді.

Хабарлама алысымен оқиға орнына тез арада жеткен тәртіп сақшылары жедел-іздестіру іс-шарасының нәтижесінде, небары 30 минут ішінде жәбірленушінің көлігін тапты.

Қылмысқа күдіктіні ұстап, оны аудандық полиция бөліміне жеткізді. Ол жергілікті тұрғын болып шықты.

Тергеу барысында, күдікті мен жәбірленуші арасында автоұрлығы жасалмас бұрын жанжал орын алғаны белгілі болды. Яғни, Түлкібас ауылы көшелерінің бірінде, жәбірленуші күдіктінің тоқтап тұрған көлігінің артынан соғып, кіріп кетеді. Осы сәтте араларында дау туындайды. Ал, ашуланған күдікті өзгенің автокөлігін заңсыз айдап кетеді. Полицейлер екі көлікті де айыптұрағына қойды. Қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізілуде. Күдіктінің бас шарасы қолхатта. Ал, жәбірленушінің жол қозғалысы ережесін бұзғаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 610-бабымен (Көлiк құралдары жүргiзушiлерінiң жол жүрісі қағидаларын адамдардың денсаулығына зиян келтiруге, көлiк құралдарының немесе өзге де мүлiктiң бүлінуіне алып келген бұзушылығы) хаттама толтырылып, жауапқа тартылды.

Түркістан облысының полицейлері азаматтарға, мал-мүліктеріңізге, автокөліктеріңізге сақ болуды және қараусыз қалдырмауды ескертеді. Мүмкіндігінше автокөліктерді күзетілетін тұраққа қойып, күзет дабылымен жабдықтау қажет. Автокөлік ұрланған жағдайда, тез арада полицияға «102» телефоны арқылы хабарласыңыз. Сондай-ақ жол қозғалысы ережелері мен қашықтықты сақтаңыздар! Жүргізушілер есіңізде болсын: жол қателіктерді кешірмейді!

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру