Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түлкібаста жігіт көліктен 1 қорап тәтті нан ұрлап кетті

Түркістан облысының полицейлері көліктен бір қорап тәтті нан ұрлаған күдікті жігітті анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түлкібас АПБ-не жергілікті тұрғын арызданып келеді. Оның айтуынша автотұрақта тұрған «Ваз» автокөлгінің белгісіз біреулер әйнегін сындырып, ішінен көлікке қажетті құрал-саймандарды жымқырған. Сондай-ақ жәбірленуші көлігінде бір қорап тәтті нан жоқтығын айтқан. Жәбірленушіге келтірілген шығынның көлемі 26 мың теңге.

Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша СДТБТ-ға тіркеді. Орын алған оқиға бойынша тәжірибелі тәртіп сақшыларынан жедел тергеу тобы құрылып, қылмыстық істі ашу мақсатында бірден іске кірісті. Ұрлық болған аймақты бір шолып шығып, айналадағы бейнебақылау камераларын мұқият қарап, күдікті болып көрінген азаматтардан түсінік алды. Нәтижесінде осы жайтқа қатысы бар күдікті азамат анықталып бөлімшеге жеткізілді.

Тергеу барысында күдіктінің жергілікті тұрғын екені анықталды. Ол түс шамасында автотұрақта ешкім жоқтығын пайдаланып, өз арам ойын жүзеге асырмақ болған. Бүгінгі таңда күдікті жас жігіт өз кінәсін толықтай мойындады. Бас шарасы қолхатта.

Өз кезегінде полицейлер тұрғындарға өз мүліктеріне ие болуды, қараусыз қалдырмауды ескертеді. Сондай-ақ жарық көп шоғырланған аймақтарға қойып, көліктеріне дабылқаққыш орнатуға кеңес береді. Егер, сіз, ұрлықтың құрбаны немесе куәсі болсаңыз, тез арада «102» нөмірі арқылы полицейлерге хабарласыңыздар.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру