Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түлкібастық полицейлер бір ай ішінде 3 мыңнан астам әкімшілік хаттама түзген

Түлкібастық полицейлер бір ай ішінде үш мыңнан астам әкімшілік хаттама түзген, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түлкібас АПБ-нің қызметкерлерімен және мобильдік топтармен рейдтік іс-шараларын жүргізу барысында, бір ай ішінде 3 038 әкімшілік хаттама толтырылған. Атап айтқанда, ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы (Мас халде автокөлік басқару) бойынша тоғыз әкімшілік хаттама, 425-бабымен (Карантин режимін сақтамаған) 102 әкімшілік хаттама, 434-бабы (Қоғамдық орынды ластау) бойынша 189 әкімшілік хаттама, 204-бабымен (Ретсіз сауда жасау) 39 әкімшілік хаттама, 440-бабымен (Қоғамдық орында мас хәлде жүру) 85 әкімшілік хаттама, 441-бабы (Белгіленбеген орында темекі шегу) бойынша 17 әкімшілік хаттама, 73-бабымен (Ұрып-соғу) бес әкімшілік хаттама түзілсе, 408-бабы (Ит, мысықты асырау қағидасын бұзу) бойынша 669 әкімшілік хаттама тіркелген.

Мысалы, Түлкібас ауданының орталық базарларының маңында бір тұрғынның белгіленбеген жерде темекі шеккені анықталды. Және де жергілікті тұрғынның қоғамдық орындарда мас халде жүргені белгілі болды.

Сонымен қатар ҚР ӘҚБтК-нің 449-бабымен (Қоғамдық орында тиісу) – 72, 492-бабы (Жарамсыз құжатпен тіркеусіз тұру) бойынша 252, 590-бабымен 4-бөлімі (Жалған мемлекеттік белгі) – екі, 591-бабымен (Көлікте ұялы телефон пайдалану) – 55, 597-бабы (Тыйым салынған белгіге тоқтау) бойынша 105, 600-бабымен (Жаяу жүргіншіге жол бермеу) – бес, 602-бабы (Жарық шамдарын жақпау) бойынша – 362, 610-бабымен (Жол-көлік оқиғасы) 16 әкімшілік хаттама тіркелсе, 615-бабы (Жаяу жүргінші жолды кесіп өту) бойынша 120 әкімшілік хаттама түзілген. ЖПҚБ ЮПТ қызметкерлерімен жалпы 84 хаттама толтырылған. Басқа да өзге баптармен 372 хаттама түзілген. Қазіргі уақытта аудан көлемінде қосымша рейдтік жұмыстары жүргізіліп, өз жалғасын табуда.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру