Түнде жалғыз жүрген 5 жасөспірім полиция бөліміне жеткізілді
Түркістан облысында полицейлер жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықты болдырмаудың және алдын алудың шараларын атқаруда, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Полиция қызметкерлері Сарыағаш ауданы көлемінде жасы кәмелетке толмағандардың түнгі мезгілде жүргендерін анықтау және құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында рейдтік іс-шараларды жүргізді.
Сарыағаш АПБ ЖПҚ ювеналды полиция тобының инспекторлары, аудандық білім бөлімі, жергілікті әкімшілік және «СӘТ» телеарнасымен бірге бірқатар іс-шараларды ұйымдастырды. Нәтижесінде, заңды өкілінсіз тұрғын үйден тыс жерлерде жүрген бес жасөспірім полиция бөліміне жеткізілді. Тексеру барысында үш жасөспірімнің ата-анасына ҚР ӘҚБтК-нің 442-бабының 2-бөлімі (Кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде немесе тұрғынжайдан тыс жерде болуы) бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды. Сонымен қатар ойын сауық орталығының иесіне ҚР ӘҚБтК-нің 442-бабы 1-бөлімімен әкімшілік хаттама толтырылып, айыппұл салынды.
Түнгі рейдтік іс-шараларды жүргізу барысында Сарыағаш қаласы көшелерінің бірінде орналасқан интернет орталықтарының бірі карантин талаптарын сақтамағаны анықталды. Сондай-ақ заңды шара көру үшін жергілікті полиция қызметінің учаскелік полиция инспекторларына тапсырылды.
Шара барысында кәмелетке толмағандардың арасында қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алу, заңды тұлғаның еріп жүруінсіз жасөспірімдердің көшеде және түнгі уақытта ойын-сауық орталықтарында болуын бақылау аясындағы қарқынды жұмыстар жүргізілді. Мұндай іс-шаралар алдағы уақытта да өз жалғасын табатын болады.