Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

«Түнгі патруль» : Маңғыстау полицейлері екі күнде 300-ге жуық құқық бұзушылық анықтады

Маңғыстау полицейлері екі күнде 300-ге жуық құқық бұзушылық анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Маңғыстау облысы Полиция департаменті бастығы Жанарбек Бақтыбаевтың бұйрығымен Маңғыстау облысы көлемінде 14 мамырдан бастап әр аптаның жұма, сенбі күндері бір ай көлемінде «Түнгі патруль» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.

Іс-шараның мақсаты – облыс жолдарындағы жол-көлік оқиғаларының алдын алу, жол қозғалысы қауіпсіздігін қадағалауды қамтамасыз ету, соның ішінде жол жүрісі қағидаларын өрескел бұзатын жүргізушілерді анықтау және ескерту, сондай-ақ жол жүрісі қағидаларын бұзудың алдын алу.

Өткен аптаның соңындағы, яғни 28-29 мамыр аралығында өткен кезекті рейдтік іс-шара барысында барлығы облыс бойынша 293 әкімшілік құқық бұзушылық анықталып, 23 автокөлік айыптұраққа жабылды.

Рейдтік іс-шара кезінде ішкілікті масаң күйде көлік басқарған тоғыз жүргізуші, автокөлікті жалған мемлекеттік белгімен басқарған үш жүргізуші анықталды. Бағдаршамның тыйым салынған түсінен өткен 23 жүргізушіге ҚР ӘҚБтК 599-бабы бойынша әкімшілік хаттама жасақталып, төрт жүргізушінің құжатсыз жүргені анықталды.

– Апта сайын жергілікті телеарна журналисттерімен қала жолдарында түнгі мезгілде рейдтік іс-шаралар ұйымдастырылады. Жолдардағы қауіпсіздік – полицейлердің басты назарында, – деп атап өтті ПД бастығы Ж.Бактыбаев.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру