Түнгі уақытта пәтерінде жөндеу жұмыстарын жүргізген павлодарлық жауапқа тартылды
Түнгі уақытта пәтерінде жөндеу жұмыстарын жүргізген павлодарлық жауапқа тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Кештің бірінде Павлодар қаласының Мәшһүр Жүсіп көшесіндегі көпқабатты үйдің тұрғындарының жұмыстан кейінгі демалысын жөндеу жұмыстарының шуы бұзды. Көршінің үй іші жөндеуі басқалардың мазасын қашырды. Қатты шу ұзаққа созылғандықтан, сағат 01.00-де шыдамы таусылған көрші пәтер тұрғындары полицияға қоңырау шалды. Анықталғандай, пәтер иесі жуыну бөлмесінде кафель тігістерін бітегені анықталды.
– Ер адамның айтуынша, жұмыстан келе салып іске кірісті. Алайда көршілердің өтініштеріне құлақ аспады. Сондықтан ол 22.00 мен 09.00 сағат аралығында тыныштықты бұзғаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 437-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сонымен бірге, полицей қызметкерлері ер адаммен бұдан бұлай осындай оқиғаға тап болмау үшін әңгіме өткізді, – деп хабарлады ПД баспасөз қызметі.
Жалпы жыл басынан бері түнгі уақытта тыныштық бұзған Павлодар аумағының 840 тұрғыны анықталды.