Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Тұрғын 60 қойды қолды қылған

Алматы облысында полицейлер ұрланған 60 қойды тауып, иесіне қайтарды, – деп хабарлайды Polisia.kz.


17 маусымда Жамбыл ауданы полициясына Алматы қаласының 54 жастағы тұрғыны жайылымнан жалпы құны 3 млн.теңгеден астам сомманы құрайтын 60 қойының ұрлағаны туралы арызданған. Аталған дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 188-1-бабының 2-бөлігі 2-тармағы бойынша тіркелді.

Тәртіп сақшылары бір күн ішінде Бурган ауылының 41 жастағы тұрғынын ұстады. Ол ұрлық жасағанын толық мойындады. Із кешулер күдіктіден төрт қойды тәркілеген және ол өзінен 55 бас ұсақ малды сатып алған адамды көрсеткен. Тағы бір қой күдіктінің танысынан алынды, ол оны тірі тауарды уақытша сақтағаны үшін алғыс ретінде қалдырған.

Барлық ұрланған мал заңды иесіне қайтарылды. Ал жәбірленген адам полицейлерге жедел қызметі үшін алғысын білдірді. Ұсталған бұрын мал ұрлығы үшін екі рет сотты болған. Қазір ол уақытша ұстау оқшаулағышына қамаққа алынды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары шеңберінде ұсталған адамның аталған санаттағы басқа да ашылмаған қылмыстарға қатыстылығы тексеріледі.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру