Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Тұрғын ауласында өсіруге тыйым салынған өсімдікті заңсыз өсірген

 Шалқар ауданы ПБ-нің полиция қызметкерлері «Қарасора-2020″ жедел алдын алу іс-шарасын өткізу барысында есірткі өсіру фактісін анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.


45 жастағы жергілікті тұрғын өз үйінің ауласында құрамында есірткі заттары бар өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді (қарасораны) заңсыз өсірген. Үй жанындағы учаскеден тоғыз түп қарасора тәркіленді.

Үйдің ауласында орналасқан сарайды тінту кезінде үстелдің үстінде аяқ киімінің қорабында өсімдік тектес, ерекше иісі бар, көлемі шамамен 500 г зат тәркіленді.

Тәркіленген заттар бойынша сараптама тағайындалды. ҚР ҚК-нің 296-бабы 2-бөлігі (Есірткі заттарды өткізу мақсатынсыз заңсыз пайдалану) және ҚР ҚК-нің 300-бабы 1-бөлігі (Құрамында есірткі заттары бар өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз өсірубойынша сотқа дейінгі тексерулер жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру