Тұрғын өз үйінен мыңға жуық патрон тауып алған
Петропавл тұрғыны өз үйінен мыңға жуық патрон тауып алған, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Петропавл қ. ПБ Екінші полиция бөлімінің қызметкерлері өз қоймасынан күдікті мырыш қорап тауып алған Петропавл тұрғынының шақыруы бойынша барған. Онда 5,45*49 калибрлі 990 патрон болған. Ер адам үйді 14 жыл бұрын сатып алғанын және қойманың түкпірінде сақталған ескі заттарды жинастырғанын айтқан. Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 287-бабы 3-б. (Қаруды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру) бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Патрондар алынып, сараптамаға жіберілді.
– Алынған заттар монтаждау немесе «құрылыстық» деп аталатын патрондар болып табылады, — дейді Екінші ПБ бастығының орынбасары Гүлмира Сағитова. — Осы патрондардың оқ-дәрілерге жататындығын сараптама көрсетеді. Қалай айтсақ та, Петропавлдықтың әрекеті орынды. Басқа қылмыс құрамы болмаған кезде ерікті тапсыру қару мен оқ-дәрілерді заңсыз сақтағаны үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершіліктен босатады.