Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

«Тұрғын үй алып беремін»: алаяқ қызылордалықты 2 млн теңгеге алдап кетті

Тұрғын үй сатып алуға көмектесуге уәде берген алаяқ тұрғынды 2 миллион теңгеге алдап кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қызылорда облысы Полиция департаментінің Арал аудандық полиция бөліміне 29 қазан күні жергілікті тұрғын қызының алаяқтың құрбаны болғаны туралы арызданды.

Тексеру барысында алаяқ жәбірленушінің сеніміне кіріп, «тұрғын үй алып беремін» деген желеумен наурыз айында 2 миллион ақшасын алдап алып, осы күнге дейін уәдесін орындамай, қашып жүрген.

Аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері жедел-іздестіру шараларын жүргізіп, нәтижесінде күдікті анықталып, ұсталды. Ол кінәсін мойындап, оған қатысты «ешқайда кетпеу және өзін дұрыс ұстау туралы қолхат» түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды. Жәбірленушіден алған ақшаны өз пайдасына жұмсап жіберген.

Осы дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабының 1-бөлігімен (Алаяқтық, яғни бөтеннің мүлкін жымқыру немесе алдау немесе сенімді теріс пайдалану жолымен бөтен мүлiкке құқықты иемдену) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру