Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

«Тұрғын үй алып беремін»: шымкенттік тұрғын алаяққа алданды

Шымкенттік тұрғын алаяққа алданып, 1,5 миллион теңгесінен айырылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

2021 жылдың 28 тамызында Әл-Фараби АПБ-ның «102» нөміріне жергілікті жердің тұрғыны арызданды. Ол өз арызында бейтаныс әйел мемлекеттік бағдарламамен тұрғын үй кешенінен пәтер алып беремін деп сеніміне кіріп, 1 500 000 теңгесін алаяқтық жолмен алдап алып кеткендігін көрсеткен. Әл-Фараби АПБ Криминалдық полиция қызметкерлерімнің жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Шымкент қаласының тұрғыны анықталып, жеткізілді. Ұсталған әйелдің басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы анықталуда. Тексеру амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру