Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Тұрғын үй саласындағы алаяқтардан зардап шеккендер іздестірілуде

Алматы облысының полицейлері тұрғын үй саласындағы алаяқтардан зардап шеккендерді іздестіріп жатыр, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Соңғы үш күн ішінде Талдықорған қаласының полициясына тұрғын үйді жалға беремін деп, өзін Ирина есімімен таныстырған бейтаныс әйелдің алдау жолымен жалпы сомасы 340 мың теңгеден астам ақшаларын иемденгені туралы үш адам арызданған. Ақша соммасын алғаннан кейін, ол өзіне тиесілі емес пәтерлердің мекен-жайын айтып, 2-3 күннен кейін қоныстануды ұсынған.

Арзан бағаға қуанған «жалға алушылар», көрсетілген мекен-жайға келгенде, оларды нағыз қожайын кейіпіндегі жағымсыз тосын сый күткен. Алаяқ өз құрбандарын әлеуметтік желілер арқылы тапқан.

Аталған деректер ҚР ҚК 190-бабы «Алаяқтық» бойынша тіркелді.Талдықорған қаласы ПБ Шығыс қалалық полиция бөлімінің криминалдық полиция қызметкерлері жоғарыда аталған қылмыстарды жасады деген күдікпен 1977 жылғы Ирина Ким есімді әйелді ұстады. Күдікті бұрын да осыған ұқсас қылмыс жасағаны үшін 2020 жылдың 5 ақпанында үш жылға бас бостандығын шектеу жазасын алған.

Күдікті уақытша ұстау оқшаулағышына қамаққа алынып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Жоғарыда аталған әйелдің әрекеттерінен зардап шеккендерді 8 (7282) 60-80-66 немесе 87058012209 телефон нөмірлері бойынша полицияның кезекші бөліміне хабарласуларыңызды сұраймыз.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру