Екі пәтер от құшағында қалып, 3 адам зардап шекті
Қостанай облысының Федеров ауданында тұрғын үйдегі өрт кезінде үш адам зардап шекті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
10 маусымда Федоров ауданы Первомайское ауылының 00:41-де Юбилейная көшесі, 17 бойынша № 2 пәтерде өрт шықты. Тілсіз жау 04 сағат 00 минутта ауыздықталды. Жалпы ауданы 100 шаршы метр № 1 және № 2 пәтерлері от құшағында қалды. Соның салдарынан шатыр мен бөлмеаралық қалқалардың конструкциялары бұзылды.
Өрт салдарынан 60%, 2,3 дәрежелі № 2 пәтер иесі 1972 жылы туған, оның ұлы 2014 жылы туған – аяқ-қолының 25%, 2,3 дәрежелі күйік шалған. Сондай-ақ балаларды құтқару кезінде аяқ-қолы күйген 30 жастағы ер адам да зардап шеккен.
Оқиға орнында ТЖД жеке құрамы (үш қызметкер және бір бірлік техника), «Олжа Алтын Инвест» ЖШС ерікті өртке қарсы құрылымы (12 қызметкер және үш бірлік техника), «Орлянский» ШҚ (төрт қызметкер және бір бірлік өрт сөндіру техникасы), аудандық полиция бөлімінің жедел тергеу тобы (үш қызметкер және бір бірлік техника) жұмыс істеді.
Өрт себебі мен материалдық шығын анықталып жатыр. Қостанай облысының Төтенше жағдайлар департаменті тұрғындарды тұрмыста өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға шақырады.