Тұрғын үйлерден бірқатар ұрлық жасаған елордалық ұсталды
Тұрғын үйлерден бірқатар ұрлық жасаған елордалық ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Алматы ауданы полиция бөлімінің криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында бірқатар ұрлық жасады деген күдікпен 25 жастағы қала тұрғынын анықтады.
Тергеу барысында ер адамның оңай олжа іздеп, елордалық тұрғын үйлерді аралап, жөндеу жұмыстары жүріп жаnқан пәтерлерден, еркін кіру мүмкіндігі бар қоймалардан ұрлық жасаған.
Мәселен, таңғы уақытта Шаймерденов көшесіндегі тұрғын үйдің астындағы қосалқы үй-жайдан еркін кіру арқылы жалпы құны 195 мың теңге болатын құрылысқа арналған құрал-саймандарды жымқырып кеткен. Қаскүнем ұрланған заттарды сатып үлгерген.
Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде, ер адамның қазіргі уақытта осыған ұқсас ұрлықтың 3 фактісіне қатысы бары анықталды.
Астана қаласының полиция департаменті азаматтарға сақ болуды, бағалы заттарды қараусыз қалдырмауды ескертеді.