Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Тұрғын жолда көмектескен ақмолалық полицейлерге алғыс айтты

Тұрғын жолда көмектескен ақмолалық полицейлерге алғыс айтты, – деп хабарлайды Polisia.kz.7 қарашада Ақмола облысы ПД патрульдік полиция ротасының қызметкерлері жол қозғалысының қауіпсіздігін қадағалау кезінде Нұр-Сұлтан-Щучинск бағытындағы автожолда Audi маркалы автокөлікті байқады.

«Бақай 8п1» экипажының қызметкерлері тоқтап, қандай көмек қажеттігін сұрады. Көлік істен шыққаны, тоқтап қалып, оталмағаны анықталды. Адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және ЖҚЕ сақтау мақсатында полицейлер көлік құралын арнайы алаңға сүйреп апарды. Ал көліктегі жолаушыларға – Ақкөл ауданының тұрғыны және оның 9 жасар қызына Красный Горняк ауылынан Щучинск қаласына жетуге көмектесті.

Әйел полиция қызметкерлері Данияр Қайыржан мен Таңат Дүйсенбаевқа қиын сәтте қолдау көрсеткені үшін алғыс айтты.

– Сіздерге шын жүректен жеңіл қызмет, отбасыларыңызға амандық және үйлеріңізге молшылық, ең бастысы – денсаулық тілеймін!, – деп жазды ақмолалық Instagram парақшасында. 

– Жолда әртүрлі жағдай болуы мүмкін. Біздің міндетіміз-адамдарға көмектесу, – дейді Ақмола облысы ПД патрульдік полиция ротасы қызметінің инспекторы Данияров Қайыржан.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру