Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Тұрғындар полицейлерге қолдау көрсетуде

Солтүстікқазақстандықтар ерекше режимде қызмет өткеріп жатқан полицейлерге қолдау көрсетіп жатыр, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Карантиндік іс-шаралар кезеңінде полицейлер мен медициналық қызметкерлер пандемиямен алдынғы шепте күресіп келеді. Олар екі ауысым режимінде бекеттерде қызмет атқарып, шектеулердің сақталуын бақылайды және коронавирустық инфекция ошақтарын күзетеді.

Індет жұқтырған адам анықталған жағдайда, полицейлерге аса маңызды міндет – сырқаттанғанмен байланыста болған тұлғаларды анықтау жүктеледі. Солтүстікқазақстандықтардың басым көпшілігі қазіргі жағдайда тәртіп сақшыларына қолдау көрсетуге дайын екендіктерін білдірді.

Патрульдік полиция қызметкерлерін антисептикалық құралдармен жарақтандырған қала тұрғыны алғашқылардың бірі болып қолдау көрсетті. Бұл қорғаныс құралдары полицейлерге бастапқы кезде аса қажет болды. Азаматтардың құжаттарын әрбір тексерген сайын қолды тазалау қажет болатын.

«Қазіргі уақытта бізде барлық қорғаныс құралдары бар. Алайда, жағдайға бей-жай қарамайтын қала тұрғындарының қайырымдылығын атап өткен жөн», – деп атап өтті Петропавл қалалық ПБ патрульдік полиция батальоны командирінің міндетін атқарушы Қанат Әлімжанов.

Аумақтық полиция бөліністеріндегі бекеттерде кезекшілік атқаратын қызметкерлер ыстық тамақпен тамақтандырылады. Бұл жерде де солтүстікқазақстандықтардың көмегін көруге болады. Сондай-ақ, облыстық салалық кәсіподақтың өкілдері медициналық қызметкерлерге екі қорғаныс костюмін әкеп берген. Сонымен қатар, олар бетперделер әкеліп, бекеттерде қызметкерлерді тамақтандыру түрінде көмек көрсетті. Іскер әйелдер қауымдастығы, Қазақстан халқы ассамблеясы, еріктілер, кәсіпкерлер де қалыс қалмады. Аталған іс-шараларды ұйымдастыруға Полиция департаменті жанындағы Консультативті-кеңесші органның мүшелері де елеулі үлес қосты.

«Біз Полиция департаменті жанындағы Консультативті-кеңесші органның мүшелері болғандықтан, көмек көрсетуден шет қала алмадық. Тәртіп сақшыларына қазіргі уақытта кез-келген қолдау теріс болмайды және еңбек қабілетін арттырады», – деп атап өтті ККО мүшесі Ерлан Тоқшылық.

Ол барлық бекеттерге барып, кезекшіліктегі медициналық қызметкерлер мен полицейлерге азық-түлік апарды.

«Солтүстікқазақстандықтардың ауызбіршілігі қуантады. Осы орайда қазіргі уақытта халықтың жалпы қауіпсіздігі үшін аса қажетті азаматтардың түсіністігі мен жеке тәртібі ең басты қолдау болып табылады», – деп атап өтті СҚО Полиция департаменті басшысының бірінші орынбасары Қанат Айтбаев. Қазіргі уақытта кез-келген көмек – бұл ең алдымен, бір-бірімізге психологиялық қолдау көрсету және бірлік пен ынтымақтың белгісі болып табылады».

«Біз бекетте күнде кезекшілік атқарамыз. Кейбір азаматтар жағдайды түсінбей жатады, осы орайда жерлестеріміздің жағдайға түсіністікпен қарауы мен қолдауы жұмысымызға көмектесетінін атап өткім келеді», – деді Қызылжар ауданы полиция бөлімінің бөлім басшысы Ерлан Шәмілев.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру