Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Тұрғындар тыныштығын күзеткен учаскелік полицей

Полиция – қоғамның сақшысы, елдің тірегі. Қоғамдық тәртіпті сақтауда әрдайым алғы шепте тұратын тыныштық күзетшілері десек, солардың қатарында учаскелік полиция инспекторларының еңбегі ерен. Қызметтің қиындығына қарамастан қырағылық танытып, қашанда сапта тұратын осындай жандардың бірі Қызылорда облысы полиция департаменті Арал ауданы полиция бөлімінде қызмет етеді. Ол – учаскелік полиция инспекторы Жанбота Тұрсынов. Polisia.kz редакциясы антына адал сақшының қызметі жайлы ақпарат ұсынады.

Жанбота Тұрсынов ішкі істер органдарындағы қызметін 2009 жылдың сәуір айында бөлімнің учаскелік полиция инспекторының көмекшісі лауазымынан бастаған. Осы қызметті абыройлы атқарып жүріп, 2015 жылы Қазақстан Республикасы Ішкі істер иинистрлігінің М.Есболатов атындағы Алматы академиясының «Құқық қорғау қызметі» мамандығы бойынша жоғары білім алып, 2015 жылдың маусым айынан бастап бөлімнің жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің учаскелік полиция инспекторы лауазымына тағайындалған. Таңмен жарыса тұрып, халық игілігіне қызмет атқаратын Жанбота бөлім басшылығынан берілген тапсырмаларды, нұсқауларды бұлжытпай орындауда аса жауапкершілікпен қарап, уақытпен санаспай, өзіне бекітілген учаскелік аймағында қоғамдық тәртіпті сақтау, қылмысты болдырмау және алдын алу бағытында профилактикалық жұмыстарды тиісті деңгейде жүргізеді. Оның бұл еңбегі бағаланып, ҚР ІІМ-нің ІІ, ІІІ дәрежелі «Ішкі істер органдарындағы мінсіз қызметі үшін» медалімен, бөлім бастығының және аудан әкімінің құзырымен бірнеше рет алғыс хаттармен марапатталған және бөлімнің бұйрығымен «ІІ сыныпты маман» біліктілігі берілген.

Жанбота қызметпен бірге өнерді және спортты қатар алып жүрген сегіз қырлы полицей деуге болады. Бөлімнің мәдени іс-шараларында домбырамен күмбірлете күй тартып және бөлімнің жетістігіне өз үлесін қосып, департамент бойынша полиция қызметкерлері арасында еркін күрестен, қоян-қолтық ұрыстан өткізілетін спорттық сайыстарға үзбей қатысып, жүлделі орындарға ие болған.

Жанбота көпбалалы, өнегелі отбасынан шыққан. Отбасындағы ақылшысы, көпбалалы қарт анасы Сәнім Тұрсынова әженің ақылын бойына сіңіріп өскен ол бүгінде нағыз азамат қандай болатынын көрсетіп келе жатқан жігерлі азамат. Бір басына бірнеше өнерді дарыта білген тәртіп сақшысы қызметті, өнерді, спортты жеке өмірімен қатар ұстап, бәріне уақыт тауып, салауаттылықты серік етіп келеді. Тек қызметтік беделінен бөлек, отбасылық өмірде де әкелік міндетін адал орындауда. Бүгінде сегіз қырлы, бір сырлы полицей аяулы жары Айман Тұрсыновамен бірге 2 бала тәрбиелеп отырған үлгілі отбасының тірегі.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру