Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Тұрғындар алғыс айтты

Павлодар облысы полиция департаментінің dp_pavlodar аккаунтына полиция инспекторына Павлодар қаласының тұрғындарынан алғыс келіп түсті, – деп хабарлайды Polisia.kz.


Камзин көшесіндегі №80 үйдің тұрғындары Оңтүстік полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторы Ғалымжан Кабирге өз алғыстарын білдірді.


Қала тұрғындары учаскелік полиция қызметкері үй тұрғындарымен үнемі байланыста екенін, тұрғындардың барлық мәселелерін шешуге және көмек көрсетуге тырысатынын, үнемі түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, тәртіпті қадағалайтынын атап өтті.

– Біз осы үйдің тұрғындары, біздің учаскедегі полиция қызметкеріміздің адал қызметіне өте ризамыз. Біз оған мықты денсаулық және жақсы қызмет тілейміз,-деді тұрғын.

Айта кету керек, Ғалымжан өзінің студенттік кезінен бастап азаматтық белсенділік танытып келеді, 2014 жылдан бастап қоғамдық көмекші ретінде қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге және қылмыстың алдын алуға үлкен үлес қосты. Ол ішкі істер органдарында 2019 жылдан бастап қызмет етеді. Алғашқы күннен бастап ол осы әкімшілік бөлімде учаскелік полиция инспекторы болып жұмыс істейді. Қызмет еткен уақытында ол қоғам тарапынан да, полиция басшылығынан да оң пікірлерге ие.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру