Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Тұрғындарды алдап, ақша жымқырған әйел ұсталды

Түркістан облысының полицейлері тұрғындарды алдап, қаржы пирамидасына ақша салдыртқан алаяқты ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Сарыағаш АПБнің кезекші бөліміне 10-нан астам жергілікті тұрғындар алаяқтық бойынша арыз түсірген. Жәбірленушілердің айтуынша, өткен жылдың наурыз, мамыр айлары аралығында өздеріне жақсы таныс емес әйел сенімдеріне кіріп, бонустық жобаға тіркеп беремін, қосымша табыс табасыздар деп көндіріп, қаржы пирамидаларының біріне ақша салдыртып, соңында жоқ болып кеткен. Бір жыл бойы сандалған тұрғындар осы іс бойынша аудандық поицейлерден көмек сұрайды.​​​​​​​​​​​​​ Аталған жайт Сарыағаш АПБне ҚР ҚКнің190-бабы «Алаяқтық» бойынша тіркеліп, қылмыстық іс қозғалды.

Орын алған қылмысты ашып, тұрғындарды сан соқтырған әйелді ұстау мақсатында полиция бөлімінде тәжірибелі қызметкерлерден жеделтергеу тобы құрылды. Полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде күдіктіні ұстады. Ол бұрын сотты болған, жергілікті тұрғын болып шықты.

Тергеу барысында полиция қызметкерлері ұсталған адамның барлығы 11 алаяқтық дерегіне қатысы барын анықтады. Жәбірленушілерге келтірілген шығын көлемі 3,5 миллионға жуық теңгені құрады.

Қазіргі уақытта аталған жайттар бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Күдіктінің басшарасы қолхатпен босатылды.

Түркістан облысының полицейлері тұрғындарға қаржы мәселелерін шешуге күмәнді көмек ұсынатын бейтаныс адамдарға мұқият болу және артық сенімсіздік көрсетпеу қажеттігін ескертеді. Егер осындай қылмыстардың құрбаны немесе куәгері болсаңыз, онда «102» телефоны бойынша полицияға хабарласу қажет.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру