Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Тұрғындарды интернет қауіптерінен қорғау – басты мақсат

Полиция интернет-алаяқтықтың алдын алу жұмыстарын күн тәртібінен түсірген емес, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Мәселен, Түркістан облысы ПД киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасы жедел уәкілдері мен Кентау қалалық полиция бөлімінің қызметкерлері интернет-алаяқтықтың алдын алу мақсатында ақпараттық түсіндіру жұмыстарын белсенді түрде жүргізуде. 

Бұл шараның мақсаты – тұрғындарды интернет-алаяқтықтың қаупі туралы хабардар ету және оларды сақтық шараларымен таныстыру. Осыған орай кентаулық сақшылар халық көп шоғырланатын орындарда  күнделікті ақпараттық ескерту жұмыстарын ұйымдастырып, 1000-нан астам жадынама таратты.

Полицейлер аталған шаралардың азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыруға және алаяқтардың арбауына түспеу үшін үлкен ықпал ететініне сенеді. Интернет алаяқтықтың алдын алу – бұл тек полицияның міндеті емес, сонымен қатар әрбір тұрғынның жауапкершілігі.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру