Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жолаушыларды қаладан шығарған такси жүргізушісі ұсталды

Алматы полициясы жекелеген такси жүргізушілерінің жолаушыларды карантин аймағынан заңсыз шығарып жүрген схемаларын анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Бұл бастамашыл топта: Алматы және Алматы облысының шекарасында орналасқан екі жеке үйдің таксистері мен тұрғындары болды. Ер адамдар азаматтарды қаладан облысқа және кері қарай тасымалдау схемасын жасады.

«Ол қалай әрекет етті? Такси жүргізушілерінің бірі шартты түрде қаладан клиент алып, оны Алатау ауданындағы Теректі ықшамауданында орналасқан жеке үйге алып барады. Клиент одан әрі жаяу жүріп, ауладан өтеді, содан кейін жалпы қақпадан Алматы облысының Қарасай ауданы, Көксай ауылында орналасқан тағы бір жеке ғимараттың ауласына кіреді. Жолаушыны қақпаның ар жағында тағы бір такси жүргізушісі күтіп тұрды және ол клиентті діттеген жеріне жеткізді. Мысалы, жүргізушілердің қызметі Талғарға, 8 мың теңгеден жоғары. Ал екі көршінің өз арасында келісімі бар. Бір адамның бір бағытта өтуі үшін олардың әрқайсысы 3 мың теңгеден алып отырған», – деді Алматы қалалық Полиция департаменті басшысының орынбасары Берік Әбілбеков.

Өткен түнде «транзиттік бизнестің» барлық қатысушылары ұсталды. Олардың әрқайсысының әрекеттеріне заңға сәйкес шаралар міндетті түрде қабылданғаннан кейін құқықтық баға беріледі.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру