Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Тұрғындардың қауіпсіздігі – басты мақсатымыз: Сағындық Аяғанов

Маңғыстау облысы ПД бастығы жеке құраммен бірге күшейтілген режимде қызмет атқарып, жаңа жыл түні қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Маңғыстау облысында жаңа жыл түні полиция қызметкерлері күшейтілген режимде қызмет атқарды. Бұл шаралар өңір тұрғындары мен қонақтарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету, адамдар көп жиналатын орындарда құқық бұзушылықтардың алдын алу және қоғамдық тәртіпті сақтау мақсатында ұйымдастырылды.

31 желтоқсан кешінде Маңғыстау облысы полиция департаментінің бастығы Сағындық Аяғанов гарнизондық саптық жиын өткізіп, жеке құрамға мереке түніндегі негізгі міндеттерді нақтылап берді.

– Жаңа жыл мерекесі күндері тұрғындардың қауіпсіздігі – біздің басты мақсатымыз. Біз “Заң мен тәртіп” қағидасына негізделген тәртіппен жұмыс істейміз. Қызметкерлерден жауапты болуды және қызметтік міндеттерді қатаң орындауды талап етемін, – деді Маңғыстау облысы ПД бастығы Сағындық Аяғанов.

Түнгі уақытта "102" арнасына 99-дан астам әртүрлі сипаттағы қоңырау түсті. Барлық арыз-шағым патрульдік полиция және кезекші бөлімдер тарапынан дер кезінде қаралып, тиісті шаралар қабылданды.

Сағат сайынғы жағдайды бақылау нәтижесінде өңірде ауыр қылмыстар мен ірі құқық бұзушылықтарға жол берілмеді. Бұл – полиция қызметкерлерінің үйлесімді іс-қимылының және азаматтардың тәртіпке түсіністікпен қарауының нәтижесі.

Жұмыс түнінің басында департамент бастығы Сағындық Аяғанов жеке өзі кезекші бөлімшелерді аралап, патрульдік бекеттерді тексеріп, қызметте тұрған қызметкерлерді жаңа жылмен құттықтады. Ол полиция қызметкерлеріне жауапкершілік пен адал еңбегі үшін алғыс білдірді.

Маңғыстау облысының полициясы тұрғындарға қоғамдық тәртіпті сақтауға қосқан үлесі үшін ризашылығын білдіріп, алда да қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағытындағы ынтымақтастық жалғасатынын айтты.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру