Тұрғындардың жеке мүлкін қолды қылған ұрылар ұсталды
Ақтөбеде ұрлық жасаған ұрылардың әрекеті әшкереленді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
2020 жылдың 31 қазанында таңғы сағат 3-те Ақтөбе қаласының 33 жастағы тұрғынына тиесілі автокөліктің аккумуляторы ұрланған. Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде полиция қызметкерлері үш күдіктіні ұстады. Олардың екеуі Ясный кентінің, сондай-ақ 41-разъездің тұрғындары болып шықты. Тергеу барысында жоғарыда аталған күдіктілердің осыған ұқсас қылмыстық істерге қатысы бар екендігі анықталды.
Сондай-ақ, 2020 жылдың 1 қарашасында кешкі уақытта Шалқар ауданының 44 жастағы тұрғынынан құны 65 мың теңгені құрайтын спорттық велосипед ұрланған. Іздестіру іс-әрекеттерінің нәтижесінде Шалқар ауданының полиция қызметкерлері 31 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады.
Жоғарыда аталған фактілер бойынша ҚР ҚК 188-бабы 1-бөлігі (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Полиция департаменті ақтөбеліктерден өз меншігіне қырағы болуды, жеке мүлікті ұрлау фактілерінің алдын алу үшін барлық қажетті қауіпсіздік шараларын қолдануды сұрайды.