Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Тұрғынды алдаған алаяққа қатысты іс жүргізіліп жатыр

Ақтөбе облысында алаяқ аудан тұрғынының ақшасын алдап иемденген, – деп хабарлайды Polisia.kz.

№2 қалалық полиция бөліміне Мұғалжар ауданының тұрғыны, мектеп мұғалімі арызданған. Оның айтуынша, белгісіз адам «Kolesa.kz» сайтында «HuangHE’ машина кабинасын сату және жеткізу сылтауымен 200 мың тенге көлемінде ақшаны иемденген. Жәбірленуші ақшаны «Kaspi Gold» төлем терминалы арқылы аударған. Шығын 200 мың теңгені құрады.

Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы (алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдікті адамды анықтауға және ұстауға бағытталған жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізіліп жатыр.

Басқа жағдайда, 21 мамырда белгісіз адам интернет ресурстарын пайдалану арқылы 45 жастағы әйелдің «Kaspi» банктік картасының деректемелерін иеленіп, интернет банкинг арқылы 232 800 теңге сомадағы ақшаны алып кеткен.

Ақтөбе облысының Полиция департаменті тұрғындардан мұқият болуды сұрайды. Ең алдымен, сатып алушы ұсынылған өнімнің тым төмен бағасын, сондай-ақ сатушының нақты мекен-жайының болмауын есепке алу қажет.

Карточкалық алаяқтықтың тағы бір түрі пластикалық карта туралы деректерді пайдаланушының өзінен алған кезде «фишинг» деп аталады.

Алаяқтар пайдаланушыларға электрондық хаттарды таратады, онда банк атынан оның қауіпсіздігі жүйесінде жасалатын өзгерістер туралы хабарлайды. Бұл ретте, аферистер сенімді пайдаланушылардан карта туралы ақпаратты жаңартуды, оның ішінде «несиенің» нөмірі мен оның ПИН-кодын көрсетуді не жауап хатын жіберіп, не эмитент банкінің сайтына өтіп және тиісті сауалнаманы толтырып беруді сұрайды. Алайда хатқа бекітілген сілтеме банктің ресурсына емес, осы жұмыстың имитацияланатын жалған сайтқа әкеледі.
Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру