Тұрғынға көлік жүргізуші куәлігін жасап бермек болған шымкенттік қолға түсті
Тұрғынға көлік жүргізуші куәлігін жасап бермек болған шымкенттік қолға түсті, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Қаратау ауданының Полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданған. Ол өз арызында жеке тұлға көлік жүргізуші куәлігін жасап беремін деп 90 мың теңге ақшасын алаяқтық жолмен алып, алдап кеткендігін көрсеткен.
Аталған жайт бойынша жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізу барысында Қаратау АПБ криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлерімен жергілікті жердің тұрғыны анықталып, тиісті мекемеге жеткізілді.