Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Тұрғынның күртешесінен есірткі табылды

Түркістан облысының полицейлері есірткі затын сақтаған күдіктілерді ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ордабасы аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын қоңырау шалып, өзінің отбасында жанжал болып жатқанын баяндайды. Оқиға орнына жергілікті учаскелік полиция қызметкерлері жедел түрде жетеді. Полицейлер тексеру кезінде, үйдің иесі мас халде үйіне келіп, жанжал шығарғанын анықтайды. Сондай-ақ құқық бұзушы ер азаматтан жауап алу барысында оның күртешесінің қалтасынан пакетке оралған хош иісі бар есірткіге ұқсас өсімдік табылады.

Аталған жайтты полицейлер ҚР ҚК-нің 296-бабы (Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу) бойынша СДТБТ-ға тіркеді. Сараптамаға сәйкес, тәркіленген есірткі затының жалпы салмағы сегіз грамнан асатын «кептірілген марихуана» болып шықты.

Дәл осындай жайт Келес ауданында орын алды. Келес АПБ-нің қызметкерлері рейдтік тексеру барысында күдік тудырған белгісіз адамды тоқтатады. Азаматты тексеру барысында қалтасынан бес дана қағазға оралған есірткі заты анықталды. Полицейлер аталған жайтты ҚР ҚК-нің 296-бабы (Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу) бойынша тіркеді. Салмағы екі грамға жуық марихуана анықталды. Күдіктінің бас шарасы қолхатта.

Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері азаматтарға есірткінің заңсыз айналымына байланысты қылмыс жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілік туралы ескертеді. Тәртіп сақшылары облыс тұрғындарын салауатты өмір салтын ұстануға және зиянды әдеттерден бас тартуға шақырады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру