Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Тұрғынның үйінен 500 мың теңге ұрланды

Жамбыл облысында тұрғынның үйінен 500 мың теңге ұрланды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Т.Рысқұлов ауданының полиция бөліміне Б.Нурпеисова арызданып, белгісіз біреу үйінен 500 мың теңге ұрлап кеткендігін хабарлаған.

Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 188 бабы 3-бөлігі 3-тармағымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталған.

Т.Рысқұлов АПБ тергеу бөлімшесінің тәжірибелі және сапалы тергеу амалдарының жүргізуінің нәтижесінде 50 жастағы жәбірленушінің әріптесі әрі құрбысы ұрлық жасағаны толықтай дәлелденіп, қылмыстық іс сотқа жолданды.

Өз кезегінде Б.Нурпеисова Т.Рысқұлов АПБ қызметкерлеріне және қылмыстық істі жүргізген Т.Рысқұлов ауданының аға тергеушісі Нурсеит Метеркуловке алғысын білдіріп, жұмысына табыс тіледі.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру